Қарағанды облысында медициналық нысандар жаңартылды

  • 7
  • 22.12.2025, 18:37

Бұл мақсатқа арнаулы мемлекеттік қордан 6 млрд 200 млн теңге бөлінді. Ал Балқаштағы көпбейінді аурухананың  базасында ауданаралық медициналық хаб құрылды. Орталықты материалдық-техникалық жабдықтауға 1 млрд теңге жұмсалды. Аурухана шалғай елді мекендердің тұрғындары мен «Алматы – Екатеринбург» тасжолы арқылы өтетін жолаушыларға қызмет көрсетеді. Жоба аясында қосымша корпус салынып жатыр. Онда жол апатынан зардап шеккендерге жедел медициналық көмек беріледі.