Жәрдемақы мөлшері 10% артады

  • 22
  • 23.12.2025, 18:46

Келер жылдан бастап барлық әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 10% артады. Осы жылдың өзінде ана мен баланы әлеуметтік қолдау үшін республикалық бюджеттен 832,4 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,7% артық. Одан бөлек 30,3 млрд теңге сомасына 290 мыңнан астам адамға атаулы əлеуметтік көмек тағайындалған. Ал жарты миллионға жуық адам мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алып отыр. 

Алтынжан Маясарова, ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаменті ана мен баланы қолдау басқармасының бас сарапшысы:

-2025 жылдың 11 айының қорытындысына сәйкес  1 млн 300 мың отбасы бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты 1,5 жасқа дейінгі жәрдемақыны, наградталған аналарға тағайындалатын жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны және де мүгедектігі бар бала күтіміне байланысты жәрдемақыны алушы болып табылады.