Елде орташа жалақы өседі

  • 30
  • 23.12.2025, 18:38

3 миллион теңге... Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда 11 800 адам осынша көлемде жалақы алады. Олардың басым бөлігі өнеркәсіп, қаржы және сақтандыру, қаржылық делдалдық, сондай-ақ тау-кен өндіру салаларында еңбек ететін мамандар. Ал сарапшылардың бағалауынша, 2028 жылға қарай елімізде орташа табыс 600 мың теңгеден асады. Қазір ол 430 мыңның шамасында. Ал жыл басынан бері белгіленген ең төменгі жалақы - 85 000 теңге. Соңғы 5 жылда бірнеше сала қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен өскен.

Балжан Шадаева, ҚР ЕХӘҚМ департамент сарапшысы:

-Жүргізушілер, тазалаушылар, электриктер, вахтер, күзетшілер және техникалық персоналды қызметшілерінің тәріздес олардың жалақысы жыл сайын орта есеппен 20 пайызға көтеріліп, нәтижесінде 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге өсті. Сондай-ақ 2022 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдарға бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысына ынталандыру үстемақы белгілеу құқығы берілді. 

Айта кетейік, жуырда Ұлттық экономика министрлігі алдағы үш жылға арналған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын мақұлдады. Құжатқа сәйкес келер жылы орташа жалақы 500 мың теңгеге жетеді. 2027 жылы оған тағы 54 мың теңге қосылады. 2028 жылы бұл көрсеткіш 604 мың теңге болады.