Ұлттық қордан балаларға төлем: биылғы нәтиже қандай?

  • 18
  • 23.12.2025, 18:48

7 млн-ға жуық адамға 130 доллардан. Ұлттық қор балаларға бағдарламасының биылғы орындалуына тоқтала кетсек. Президенттің бастамасымен іске асып жатқан ауқымды жоба, еске сала кетейік 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталды. Бағдарлама Ұлттық қордағы жыл сайынғы инвестициялық кірістің 50 пайызын, бала 18 жасқа толғанға дейін оның жинақтаушы шотына аударып отыруды көздейді. Жинақ қаражатын мерзімінен бұрын шешіп алуға болмайды. Бала кәмелетке толған кезде жинақталған ақшаны тұрғын-үй жағдайын жақсарту және оқу ақысын төлеуге пайдалана алады. 

Биыл 1 желтоқсанға дейінгі жағдай бойынша кәмелетке толмаған 6.9 млн баланың әрқайсына 129.38 АҚШ доллары есептелді. 11 айда жиыны 222 мыңға жуық өтінім берілген. Оның ішінде тұрғын-үй жағдайын жақсартуға 129 мыңға жуық өтінім беріліп, оның 116579 бойынша 17 млн 600 мың долларға жуық қаражат төленді. 93 мың өтінім оқу ақысын төлеуге беріліп, оның 71664-не 10 млн 700 мың долларға жуық ақша төленді.