Маңғыстау өңіріне келетін шетелдік туристер саны артты. Биыл 9 айда 350 мыңнан аса турист келіп, оларға 17 млрд теңгенің қызметі көрсетілді. Осылайша аймақ алғашқы үштікке енді. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың сөзінше туризм инфрақұрылымы кезең-кезеңмен дамып келеді. Биыл Бозжыра бағытына жол салына бастады. Алдағы маусымда визит-орталық іске қосылады. Сонымен қатар санаторий-курорттық кешендер мен демалысқа арналған нысандар салынуда.
Нұрдәулет Қилыбай, Маңғыстау облысының әкімі:-Термалды бассейндері бар 150 орынға арналған санаторий-кешенін жүзеге асырудамыз. Құрылысы 2027 жылдың 2 тоқсанында аяқталады. Құрылысы тоқтап тұрған ғимараттар да болды. 3 жылдан бері 4 жылдан бері. Мысалға айтатын болсақ, 480 адамға арналған санаторий кешені жобасы. Бұл жобалар қайта жандандырылды СПК-мен бірге. 2026 аяқтауды көздеп отырмыз.