Бұл туралы өңір әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді. Бүгінде облыс электр энергиясын өндіретін көлемнен 4 есе көп тұтынады. Сондықтан жаңартылатын энергия көздері бойынша 6 жоба іске асырылып жатыр.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
- Бейімбет Майлин ауданында газ-поршеньді электр станциясының құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ өңірде 3 жел электр станциясын саламыз. Аталған нысандарды пайдалануға берсек, облыста электр энергиясын өндіру көлемі 10 есе артады.