Павлодардың орталық алаңында бас шыршаның шамдары жағылды

  • 11
  • 23.12.2025, 18:53

Солтүстік өңірде мерекенің негізгі нышаны сәукеле кейпінде безендірілді. Ұлттық нақышта өрнектелген сұлу шырша маңында Аяз ата мен Ақшақар эстрада әншілерімен бірге өнер көрсетті. Қала аумағында 3 жасанды шырша орнатылған. Көпқабатты үйлердің қасбеті мен көшелер жарықшамдармен безендірілді. Балалар үшін 10 сырғанақ, 22 хоккей корты да әзірленді.