АШМ: 9,2 трлн теңгенің өнімі жиналды

  • 8
  • 24.12.2025, 18:45

Енді ауыл шаруашылығына тоқталып өтсек. Биыл бұл салада өнімділік жоғары. Бірнеше рекордты көрсеткіш те бар. Алдағы екі жылда 5 құс фабрикасын салу жоспарланып отыр. Дәнді дақылдарды терең өңдеу бойынша ірі жобалар да қолға алынбақ. Енді цифрландыру арқылы шаруалардың өтініш беруі жеңілдейді. 

«Ауыл шаруашылығы үшін 2025 жыл берекелі болды»,  – дейді мамандар. 9,2 трлн теңгенің өнімі алыныпты. Өсім 6% еңсерген. Басты драйвер өсімдік шаруашылығы. 300 мың тонна ақ алтын жиналған. Диқандар 18 жыл бұрынғы көрсеткішке қол жеткізіпті. Сондай-ақ майлы дақыл мен астық бойынша да рекорд тіркелген. Енді оны өңдеуге басымдық беріледі. 

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі 

- Жалпы алғанда Қазақстан жыл сайын 5 млн тоннадан астам астықты өңдейді, оның ішінде 510 мың тоннасы терең өңдеуге жіберіледі.  Бүгінгі күні крахмал, глютен, меласса, биоэтанол және өзге де өнімдер шығаратын 3 терең өңдейтін кәсіпорын жұмыс істейді. 2028 жылға дейін жылына 4,8 млн тонна бидай мен жүгеріні өңдейтін 5 ірі жобаны іске қосу жоспарлануда.

Соңғы жылдары бір гектардан алынатын орташа өнімділік 11 ден 17 центнерге дейін артыпты. Бұл жерді дұрыс күту соның ішінде құнарландырудың нәтижесі. Биыл 18 млн тонна тыңайтқыш пайдаланылған. 2,9 млн тонна картоп жиналып, былтырғымен салыстырғанда 300 тоннаға көп алынды. 

Ермек Кенжеханұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

-
27 жылға дейін жол картасы бекітілді. 144 бизнес процесті цифрландыру қарастырлған. Мал, өсімдік шаруашылығы жер мәселесі барлық салаларды қамтиды. Біздің мақсатымыз цифрландыру үрдісіне ауыстыру. 

Алда іске асырылатын жобалар қатарында құс етін өндіру де бар. 2027 жылға дейін 5 құс фабрикасын іске қосу жоспарлануда. Олардың қуаттылығы 240 мың тонна.

Ердәулет Ыбырайұлы, Айдос Меделбеков