Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанға арнап ескерткіш тақта орнатылды

  • 203
  • 25.12.2025, 18:37

Ол елордада көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті құлап, жарақат алғандарға көмек көрсету кезінде ауыр жарақат алып, 10 күннен соң ауруханада қайтыс болған еді. Оның есімі жазылған ескерткіш тақта Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы ғимаратының қабырғасына ілінді.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жоғарғы оқу орнында Ұлдана Мырзуан атындағы аудитория ашылатынын да айтты.