Әскери ұшақтар Б. Момышұлының 115 жылдығына орай оқу-жаттығу өткізді

  • 14
  • 25.12.2025, 18:38

Ауқымды оқу-жаттығу ұшулары даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналды. Жаттығуға С-295, Су-30СМ, Су-27, Л-39С ұшақтары, Ми-17, Ми-35, Ми-171 тікұшақтары, сондай-ақ ANKA ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды. Батырдың мерейтойына орай ұшуларды басқару пунктінде Волоколамск түбіндегі шайқасқа қатысқан жауынгердің өмір жолы мен ерлігіне арналған естелік бұрыш безендірілді. Оқу-жаттығу ұшулары ойдағыдай өтіп, қойылған барлық міндеттер толық орындалды. Іс-шара Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің жоғары жауынгерлік дайындығын және ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрамның кәсібилігін айқын көрсетті. 

Асхат Сейілов, 19132 ә/б авиация эскадрильясының ұшқышы:

- Кеңес Одағының Батыры, жауынгер-жазушы, сөзі мен даналығы үйлескен тұлға Бауыржан Момышұлы өзі айтқандай: «Есімі ел жүрегінде сақталған ер ғана бақытты». Осы сөзге сай, Бауыржан Момышұлының есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Ол – батырлық пен адалдықтың, тәрбие мен тәртіптің символы.