Нәтижесінде республика бойынша 6 өңірдегі 70 ауылдық елді мекен таза асуызсумен қамтылды. 22 ауыл орталық су жүйесіне қосылды. Одан бөлек, гидротехникалық нысандарды салу және реконструкциялауға бағытталған 12 жоба іске асып жатыр. Оның бірі – 58 жылда алғаш рет күрделі қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы.
Арсен Жақанбаев, ҚР СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы:
- Бұдан басқа, комитет 5 жобаның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуде. Іске асыру қорытындысы бойынша 207,6 км топтық су құбырлары қайта жаңартылатын болады. Сондай-ақ 449,9 мың халық тұратын 222 ауылдық елді мекенді ауызсумен қамтамасыз ету жақсартылатын болады.