Жұрт көп жиналатын орындарда полиция кезекшілік атқарады. Үкіметте Президенттің «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелері де қаралды. Мереке күндері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне баса көңіл бөлінді. Тағы бір мәрте «Құқықтық тәртіп» алдын алу іс-шараларын өткізу тапсырылды. Оның аясында пиротехникалық өнімдерді сақтау және сату орындарына рейдтер ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ балалардың қысқы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді өткізу, кәмелетке толмағандар арасында заңбұзушылықтың алдын алу мәселесі де қаралды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Ел өңірлерінде барлығы 1 мыңнан астам бұқаралық іс-шара жоспарланған, олардың басым бөлігі балалардың қатысуымен өтеді. Осыған байланысты Премьер-министр Ішкі істер министрлігіне Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе отырып, жоспарланған іс-шаралардың қауіпсіз өткізілуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды және тәулік бойы патрульдік және кезекші құрамның жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.