Ақтөбе облысында 40 шақырым жол қайта салынады

  • 9
  • 25.12.2025, 18:42

Төселген асфальттың сапасын тексерген мамандар жүздеген олқылық тапқан. Енді мердігер оның бәрін өз есебінен жоюы тиіс. Әсіресе ауданаралық жолдардың сапасы сын көтермейді. Жергілікті халық: «Жылдар бойы күткен асфальт көпке бармай, езіліп кетуі мүмкін», - дейді. Облыс орталығынан бөлек Шалқар, Ойыл, Байғанин және Мұғалжар аудандарындағы жол қайта төселетін болды. Салғырттық танытқан мекемелерге 13 млн  теңгеге жуық айыппұл салынды.

Тельман Малаев, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Ақтөбе облыстық филиалының директоры:

- 2025 жылы келісімшарт аясында республикалық, облыстық, аудандық, қалалық жолдарда 225 телімді қамтыды. Соның ішінде 2925 рет құрылыс материалы алынды. 546 рет жол-құрылыс материалы сәйкес келмеді. 294 ақаулар анықталып, бүгінгі таңда 116-ы жойылмай тұр.