Шымкенттегі ұн өндірісі: сапа мен көлем

  • 8
  • 26.12.2025, 17:53

Шымкент қаласында орналасқан «Pioneer Grain Products» ЖШС – еліміздегі және Орталық Азиядағы ең ірі ұн өндіруші кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын тәулігіне 1200 тонна астық өңдеп, жоғары сапалы ұн өнімдерін ішкі нарықпен қатар шетелге экспорттауда. Өндірістің тұрақты дамуына «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржылай қолдау көрсетіп отыр. «Агробизнес» бағдарламасы аясында 5% жеңілдетілген несие компанияның айналым қаражатын толықтыруға мүмкіндік берген. Бұл қолдау отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін беруде.