Қазақстанда ұлттық суперкомпьютер іске қосылды

  • 2
  • 26.12.2025, 18:36

Өтіп бара жатқан 2025 жылды еліміз үшін цифрлық дамудағы бетбұрыс жылы деп айдарласақ артық айтпаймыз. Бұған дейінгі «Мемлекеттік қызмет смартфонда» ұранының өзі кешегі күн болып қалды. Биыл жасанды интеллект және цифрлық әлемді басқарудың тұтас экожүйесінің негізі қаланып, отандық цифрлық инфрақұрылым қалыптаса бастады. Жасанды интеллект туралы заң қабылданып, тұтас салалық министрлік құрылды және биылғы жылдың ең басты цифрлық жаңалығы жазда ұлттық супер компьютер іске қосылды. Alem Cloud деп аталған қондырғы өткен айда дүниежүзіндегі ТОП 500 суперкомпьютердің ішінде 86 орынды иеленді. Hewlett Packard Enterprise (HPE) және NVIDIA жүйелерінің базасында жасалған суперкомпьютердің қуаты 2 экзофлопс. Қарашаның соңынан бері мемлекеттік органдар, жеке компаниялар және ғылыми институттар Alem Cloud қызметін пайдалануға өтініш беруді бастады. 

Марал Берік, ҚР ЖИЦДМ Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту басқармасының сарапшысы:       

-Біртіндеп тестілеу жұмыстарына берілді бастапқа уақытта, ал қазіргі кезде мемлекеттік органдарға және басқа да олардың ұйымдарына беріліп жатыр қуаттар. Жалпы бағыттар ретінде айта кетсек, бұл экономиканың барлық салаларын қамтиды деп айта аламыз. Себебі қазіргі уақытта ЖИ генеративті ЖИ және ірі тілдік модельдердің негізінде алаяқтық тәуекелдерді болжауға, азаматтардың өтініштерін автоматты түрде өңдеуге, медицинадағы деректерді талдау, жұмыстарды әрмен қарай автоматтандыруға, оңтайландыруға мүмкіндік береді.