30153 әскери бөлімі базасынан СУ-27 жойғыш ұшағы және Ми-35 шабуыл, Ми-8 көпмақсатты тікұшақтары әуеге көтерілді. Ұшқышсыз ұшу аппараттары да қатысты. Жаңа жыл қарсаңында өткен жаттығу барысында ұшып-қонумен қатар күрделі элементтер, оқыс жағдай бола қалған кездегі іс-әрекеттер де пысықталды. Инженерлік-авиациялық қызметтердің дайындығы да ерекше назарда. Бұл жаттығу еліміздің барлық өңірін қамтыған кешенді жауынгерлік дайындықтың бір бөлігі. Каспий жағалауымен қатар Астана мен Талдықорған, Тараз бен Қарағанды, Балқашта орналасқан әскери авиация бір мезетте көкке көтерілді.
Саламат Тоқаш, майдан авиациясының әскери ұшқышы
-Осы оқу ұшу жаттығуларының мақсаты 2025 жылға қорытынды ретінде және әуе шабуылына қарсы тойтарыс ретінде болды. Осы оқу ұшу жаттығуларында қойылған барлық мақсаттар орындалды. Ұшқыш құрам және инженерлік құрам өздеріне қойылған жоспарларды толық орындады.