Ауыл шаруашылығындағы жетістік: экспорт кеңейіп, өнім көлемі артты

  • 291
  • 26.12.2025, 18:43

Агросаладағы биылғы жетістіктерге тоқталып өтсек... Ауыл шаруашылығы министрлігі ауылшаруашылық жерлерінің карталарын цифрландыруды аяқтады. Келер жылы топырақтағы көміртегі құрамын көрсететін карта құру қолға алынбақ. Бұл көміртегі шаруашылығын дамыту және «жасыл» инвестицияларды тарту үшін қажет.

Биыл диқандарымыз 27 млн тонна астық жинады. Бүгінге дейін осы жаңа өнімнің 3,9 млн тоннасы сыртқа сатылыпты. Экспорт географиясы 45 елді қамтиды. Жалпы 2025 жыл егін шаруашылығы үшін табысты болды. 1,1 млн тонна жасымық, ноқат сияқты бұршақ дақылдары жиналыпты. Майлы дақылдардың көлемі алғаш рет 4,8 млн тоннаға жеткен. Әсіресе күнбағыс пен зығыр жақсы өнім беріпті. Сондай-ақ шаруалар 2,9 млн тонна картоп, 430 мың тонна мақта алыпты. Мамандар бұл жетістікке жерді құнарландыру және ішінара тамшылатып суаруға көшудің арқасында қол жеткіздік дейді.