Елде туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38% өсті

  • 2
  • 26.12.2025, 18:54

Елімізде туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38% өсіп, 923 млрд теңгеге жетті. Туристер ағыны да көбейген. Мәселен, биылғы 9 айда 12 миллионнан астам шетелдік мейман келіпті. Олардың 8,6 миллионы Қазақстанда 1 тәуліктен көп уақыт өткізген. Орналастыру орындарының қызметін 1 млн шетелдік пен 6,7 млн ішкі турист пайдаланған. Яғни сырттан келген туристермен қатар ішкі туризмде тұрақты өсім бар. Қазір бір мезетте 243 мыңнан аса адамды қабылдай алатын, 4,5 мыңға жуық нысан жұмыс істейді. Олардың табысы 268 млрд теңгені құраған.