Алматы қаласы 5 полиорталық негізінде дамиды

  • 540
  • 26.12.2025, 18:47

Алматы қаласы 5 полиорталық негізінде дамиды. Қаланың 2040 жылға дейінгі бас жоспарында осылай көрсетілген. Бұл туралы жоба авторлары қоғамдық талқылау барысында айтты. Мысалы, Түрксіб ауданында «Шығыс қақпа» атты полиорталығы құрылып, халықаралық деңгейдегі стадион салынады. Ал «Батыс» полиорталығында «Алматы-3» жаңа теміржол вокзалы салынады. Сонымен қатар Алматы индустриялық аймағы мен фармацевтикалық өндірістер орналастырылмақ. Ал «Сақ қорғандары» маңында рекреациялық парк салу жоспарда. Бұдан басқа Оңтүстік, Солтүстік, Орталық сынды үш политорталық болады. Бұл Алматының орталық бөлігін ғана емес, шеткі аумақтарын да бірдей дамытуға септігін тигізеді. Мегаполистің барлық бөлігінде өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жанат Айтілеу, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ бөлім басшысы:

-Қоғамдық талқылаудан кейін сол қандай ұсыныстар түседі, сол ұсыныстардың бәрі талқыланады. Содан кейін ғана біз бас жоспарды әрі қарай толық дайындап, оны жаңағы мемлекеттік сараптамаға береміз. Мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін барып үкіметтің қаулысы, осы бас жоспарды бекіту жөнінде қаулысы шығады.