Өнім өндірушілер шикизаттық бағыттан бас тартып, өңдеуге бет бұра бастады. Агроөндірістегі өсімге қызылордалықтар да қол жеткізіп отыр. Сапалы өнімге сырт елдерден сұраныс көп.
Жуырда ашылған бұл зауыт тәулігіне 150 тонна күріш ақтайды. 15 адам ғана жұмыс істейтін өндіріс орны толық автоматтандырылған.
Сағидолла Сыздықов, зауыттың коммерциялық директоры:
-40% күріш осы жергілікті өзіміздің Қазақстанда қалады. Қалған 60% өнім экспортқа кетеді. Осы ТМД елдері бар, Әзербайжан, Моңғолия, Америка, Украинаға экспортталып жатыр.
Ал мына жылыжайда 46 мың түп қиыр жайқалып тұр. Бұл жерден жылына 400 мың тонна өнім жиналады.
Ерлан Орынбаев, жылыжай бригадирі:
-30% мемлекеттен несие алдық. Электр жарығы, жол, тағы сол секілді коммунакациялық жүйелерді келтіріп берді мемлекет тарапынан.
Бұл жылыжайда қияр кәдімгі топыраққа емес, испан технологиясы бойынша арнайы минералдандырылған субстратқа егіледі. Әр түп қиын шамамен 6 метрге дейін бойлап, одан 10 келіге дейін өнім алынады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде биыл азық-түлік өндісі 8,7 пайызға артты. Шаруалар шикізат бағытынан бас тартып, өңдеу саласына бет бұрған. Мұндай өсімге қызылордалық шаруалар да қол жеткізген.
Талғат Дүйсебаев, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
-Нәтижесінде үстіміздегі жылы 11 айдың қорытындысымен 219 млрд теңгеден астам ауылшаруашылығы өнімдері өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артты.
Салада экспорт көлемі де артып отыр. Мысалы, сырт елдерге сатылған сиыр еті 1,7 есе, ал қой еті 1,9 есеге көбейген. Сапалы ертке сұраныс жоғары. «Сондықтан экспорттың жаңа бағыттарын ашуды жалғастырамыз», - дейді мамандар.
Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев, Нұржан Мұзарапшин