Павлодарда жаңажылдық ерекше көрме өтіп жатыр

  • 3
  • 26.12.2025, 18:55

Павел Васильевтің музей-үйі шырша ойыншықтары әлеміне айналды. Олар әр кезеңдегі маңызды оқиғалармен тығыз байланысты. Адамзат ғарышты игере бастаған уақытта жерсерік бейнесіндегі ойыншықтар пайда болса, тың игеру жылдарында жүгері түріндегі әшекейлер кең тараған. Ал тәтті тоқаш пен жеміс бейнесіндегі бұйымдар тоқшылық пен молшылық тілегінен туындаса керек. Олар мәдени жәдігер ретінде де құнды.

Зәкия Мерц, Павел Васильев музей-үйінің басшысы:

- Біз көрме ұйымдастыру туралы хабарландыру берген едік. Көптеген тұрғындар қоңырау шалып, өз ойыншықтарын әкеліп тапсырды. Әйнектен жасалған шырша ойыншықтарын сақтап қалғандар өте аз. Ең ескі ойыншық, жерлісіміз Елена Потихова ұсынған Аяз ата мен жасанды жерсерік. Олар 60-шы жылдары жасалыпты.