Осы Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Сұлусор көлінен табылған қос аққудың тағдыры белгілі болды. Жапан далада құстарды кездейсоқ көріп, құтқарып қалған Бауыржан Жақыпов оларды Павлодар ауылындағы зообаққа тапсырған. Онда құтқарылған жануарлар мен құстар уақытша паналайды. Сұлусордан жеткізілген қос аққу жаңа жерге бейімделіп, тағдырластарына үйреніп қалыпты. Көктемде өз айдынымен қайта қауышады. Естеріңізде болса, қауырсынына мұз қатып, бауырлап ұша алмай қалған аққуды Баянауыл ауданының тұрғыны құтқарып қалды. Көп ұзамай ол сыңарын тапқан еді. Жылы жаққа ұша алмай қалған қос мұңлықтың тағдыры көпшілікті бей жай қалдырмады.Нұрлан Жақыпов, Баянауыл ауданының тұрғыны:
-Ондай құстарды үйде ұстауға меннің құқым жоқ екен. Сондықтан енді бәріміздің міндетіміз болған соң, мен өз міндетімді атқарып, жаңағы жануарларды қорғау орталығына апарып тапсырдым. Енді әр маман өз ісімен айналысқан дұрыс деп ойлаймын.
Игорь Байромов, демалыс орталығының жетекшісі:
-Аққуларды қабылдап алдық. Олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Басқа құстармен бірге тамақтанады, суын ішеді. Көктемде табиғатқа қайта жіберуді көздеп отырмыз.