2025 жыл несімен есте қалды?

  • 2
  • 29.12.2025, 18:50

Бірі спорттағы тарихи кездесуді жыл жетістігі деп бағаласа, енді бірі елдің тыныштығы мен әлеуметтік тұрақтылғы биылғы жылдың басты құндылығы деп атады. Сонымен 2025 жыл қалай өтуде? Келер жылдан не кұтеміз?

Блиц-сауалнама:

- Қайрат пен әлемдегі нөмірі бірінші команда Реал Мадрид келіп ойнады. Мен қазақ болғаныма сол кезде ерекше қуандым. Біз үшін биыл бастамасы ғана болса екен деп тілейміз. 

- Мәдениет саласында шетелдің әртістері келгенін білемін. Бұл көбіне шетелдегі туристерді тарту мен инвестиция. Жақында Павел Дуров телеграм мен ВК-ның құрастырушысы, сол кісі келді. Яғни бұл болашақта ИИ дамытқанмен, біздің елге үлкен үлесін қосады.

- Ең бастысы, еліміз аман болсын! Ешқандай соғыс, дағдарыс болмаса екен.

- Президенттің құттықтауын жыл сайын жиналып көреміз. Өйткені Қазақстанда не боп жатқанын, қалай дамып жатқанын айтып, келесі жыл қай бағыт дамиды, соны айтып отырады.

- Әр отбасыда тек жақсылық болсын! Бай, қуатты, табысты жыл болсын!