Жаңа механизмнің арқасында балабақшаларға кезек екі есеге қысқарды. 5 мың 600 мектепке дейінгі ұйымға 788 мың балаға ваучер берілді. Бұл жүйе 21,8 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар Оқу-ағарту бірінші вице-министрі апатты және оқушысы көп мектептер мәселесін шешуге бағытталған «Келешек мектебі» жобасы туралы хабарлады. Биыл бағдарлама аясында 141 мектептің құрылысы аяқталды.
Майра Мелдебекова, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі:
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 217 жаңа форматтағы мектеп ашылып, 460 мың оқушы орны пайдалануға берілуі жоспарланған. Бұл жобаның негізгі мақсаты – үш ауысымда оқытатын мектептердің санын азайту, сондай-ақ апатты жағдайда тұрған және орын тапшылығы бар білім беру ұйымдарының мәселесін шешу.