Қарағандыда жаңа жылға арналған ерекше инсталляция ұсынылды

  • 11
  • 30.12.2025, 18:42

Қарағандылық шебер тақырыптық инсталляциялар жасап, балаларды қуантып жүр. Жаңа жыл қарсаңында Абай атындағы кітапханада Валерий Роголев шағын қала композициясын көпшілік назарына ұсынды. Ерекше туындыдан шырша ойыншықтарын шығаратын фабриканы, хоккей ойнап жүрген балаларды, қысқы табиғатты және шанамен жүйткіп келе жатқан Аяз атаны өзге де көріністерді көруге болады. Мамандығы бойынша Валерий – музыкант. Тақырыптық инсталляциялар құрастыру оның екінші сүйікті ісі. Әр мереке сайын көпшілікке осындай тарту жасайды. Ол үшін шығынды да өзі көтереді. Бұл туындыға қажетті бөлшектерді шебер жыл бойы жинаған. Барлығын топтастырып біртұтас дүние жасауға бір апта уақыт кеткен. Жобаның мақсаты  балаларды қуанту және қол еңбегінің құндылығын түсіндіру.

Валерий Роголев, қала тұрғыны:

-Мен балалардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру үшін осындай дүниелерді жасаймын. Технология дамып кеткен заманда қол еңбегінен, шынайы шығармашылықтан алыстап кетпесе екен деп тілеймін. Кейде көрмелер өткізіп, жасаған компазицияларым туралы түсіндіремін. Мұндай шараларолардың ой-өрісін кеңейтіп, ізденісін арттырады.