Астанада көктайғақ: жүзден аса жол-көлік оқиғасы тіркелді

  • 9
  • 30.12.2025, 18:53

Астанада түнде жаңбыр жауып, арты көктайғаққа айналды. Салдарынан жүзден аса жол-көлік оқиғасы тіркеліп, қоғамдық көлік қозғалысы баяулады. Жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруы қиындады. Жарақат алғандар да аз емес. Ауа райының қолайсыздығана байланысты қаладан шығатын республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Полиция департаменті жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге аса қажеттілік болмаса, жолға шықпауды және жылдамдық режимі мен арақашықтықты қатаң сақтауды ескертіп отыр. Себебі алдағы күндері де ел аумағында ауа райы құбылмалы болмақ. 

Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

-Суық антициклонның орнын оңтүстіктен келетін жылы циклон басады.
Соған байланысты қар, боран күтіледі. 30-31 желтоқсанда Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Ұлытай облысында жауын-шашын, жаңбыр түрінде басталып, кейін қарға ауысады. Ал республиканың оңтүстігінде негізінен жауын-шашын жаңбыр түрінде болады деп болжанады. Республика бойынша көктайғақ, тұман, желдің екпіні күшейеді. 30-31 желтоқсанда елдің солтүстігі мен орталығында, 30-31-желтоқсанда елдің шығыс өңірлерінде ауа температурасы күндіз 2 градус аяздан 3 градус жылуға дейін көтеріледі деп күтіледі. Ал республиканың оңтүстігінде 30-31 желтоқсанда ауа температурасы 5-15 градус жылуға дейін жетеді. Тым көп десең, қарамен белгіленген жерін қалдырамын. Негізі барлығы қамтылғаны дұрыс.