Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Қарағанды облысының жолдарында 80 экипаж бен 160 полиция қызметкері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жаңбыр жауып, жел соғуына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдар көктайғаққа айналған. Тәртіп сақшылары бастаған керуенмен 2 мың көлік қауіпсіз жерге жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Полиция алыс жолға шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға кеңес береді.
Медет Нұрмұханов, патрульдік полиция батальонының командирі:
-Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Қарағанды облысынан барлық бағыттары бойынша жолдар жабық. Жолдың көтайғақ болуы себебінен қазіргі таңда ілестіріп алу шараларын жүргізіп жатырмыз.