Елімізде 124 вокзал жөндеуден өтеді

  • 139
  • 05.01.2026, 18:34

Қазір елімізде 124 теміржол вокзалы жаңартылып жатыр. Облыс орталықтары, шағын қалалар мен елді мекендердегі Кеңес кезеңінде және оған дейін салынған теміржол ғимраттары сүріліп, орнына жаңа заманауи вокзал кешендері бой көтереді. Көбі 30-40 жыл бойы күрделі жөндеуден өтпеген. Техникалық тексеру нәтижесінде апатты деп танылған.

Бүгінде Ақмола облысындағы Макинка және Бурабай курорты, Алматы облысындағы Ұзынағаш пен Шамалған, Павлодар облысында Бозшакөл вокзалдарындағы құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. 

Мұхамед Жазылбекұлы, ҚР Көлік министрлігі теміржол комитетінің бас сарапшысы:

- 2026 жылы барлық вокзалды бітіруге жоспарлап жатырмыз. Қазіргі таңда 46 вокзалда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуда. Оның ішінде 12 вокзалда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, өткізуге дайындалып жатыр. Заманға сай жабдықталуын қамтамасыз етіп жатыр, ол Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты жасалып жатқан іс-шаралар.