Қара шайдың кейбір маркасын сатуға тыйым салынды

  • 130
  • 06.01.2026, 18:36

Елде қара шайдың кейбір маркасын әкелуге және сатуға тыйым салынды. Олардың құрамынан тыйым салынған тағымдық бояғыштар табылған. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысында көрсетілгендей сары «күн батуы», тартразин және понсо 4R заттары анықталған. Шай қаптамаларында өндіріс орны туралы жазылған мекенжайлар расталмаған. Атап айтсақ, тізімдегі «Апамның шәйі Premium Gold», «Sultan Suleyman», «Pakistan Tea», «Aje Onim», «Al-Hayat Gold» және «Балқия Premium Gold», «Alfarah» атты шай өнімдерінің саудасына тыйым салынды.