Мәжіліс депутаттары Талғардағы ауызсу құбырының құрылысын тексерді

  • 118
  • 06.01.2026, 18:38

Талғар қаласында 4 жыл бұрын салына бастаған магистралды ауызсу құбырының құрылысы өткен жылдың желтоқсан айында тоқтап қалды. Себебі аталған жобаны жүзеге асыруға қажетті 4,6 млрд теңге толық бөлінбеген. Қысымның жетіспеушілігінен қаладағы көпқабатты үйлерге су көтерілмейді. Әсіресе тұрғындар үшін жаз мезгілі жайсыздау. Олар тіршілік нәрін сырттан тасып ішуге мәжбүр. Нысан құрылысын толық аяқтау үшін 1,7 млрд теңге қажет. Соның 600 млн теңгесі облыстық бюджеттен бөлінеді. Сыйымдылығы 7600 текше метрлік 4 резервуар салынса, шамамен 40 мың тұрғын ауызсу тапшылығынан арылады. «Сондықтан құрылысты толық аяқтау үшін тез арада қосымша қаржы көзін қарастыруымыз керек», - деді өңірлерге жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттары.

Данияр Қасқарауов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Өздеріңіз білесіздер, Парламентте үш жылға қаражат бекітілді. Қазір мен сұрап жатырмын, ешкім әзірге жауабын білмейді қалған қаражатты қайдан алу керек екенін. Енді біз халықпен кездесу жүргізіп Алматы облысында, басқа да мәселелердің бәрін толық білгеннен кейін міндетті түрде Алматы облысының әкімімен кездесіп, бұны міндетті түрде ұзаққа созбай, тез арада шешімін табу жолын біз табамыз.