Қазір Қазақстанда көлік-логистикалық тораптары салынып жатыр. 2030 жылға дейін елде 5 мың шақырым жаңа теміржол салу жоспарланған. Президент тапсырмасына сәйкес осы көлік-логистика инфрақұрлымын дамытуға басымдық беріліп отыр. Себебі бұл – экономиканы алға сүйрейтін негізгі салалардың бірі. Бұрынғы теміржол машинисі, қазіргі Сенат депутаты Геннадий Шиповских отандық логистикада іске асып жатқан айтулы жобалардың тиімділігіне тоқталды. Айтуынша жуырда іске қосылған «Достық – Мойынты» теміржол магистралінің экономикаға берер пайдасы мол. Жоба Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалын бес есе арттыруға мүмкіндік береді.
Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Осы сұқбаттан қарайтын болсақ, біздің басты мақсатымыз – ел болып, халық болып бірлесіп, бірігіп осы логистика саласын кеңінен дамыту. Осы мәселеге қатысты біз жылдамдықты арттыруымыз керекпіз. Бұл теміржол саласы болсын, автожол жылдамдығын арттырсақ, неғұрлым арттырсақ, соғұрлым көбірек жүріс болады. Кіретін-шығатын поезд болсын, басқа автокөлік, жолаушы көліктері бізге көбірек ықтимал болатыны сөзсіз.