Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында алғашқы әмбебап құтқару станциясы ашылды.
Орталық таудағы туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өрт шыға қалған жағдайда жедел әрекет етеді. Үш айда тұрғызылған станцияда 58 маман жұмыс істейді. 6 арнайы техникамен жабдықталған. Шымбұлаққа күніне 8 мыңнан асам адам демалуға келеді. Әмбебап құтқару станциясына арнайы дрон да берілді.
Дмитрий Забурский, қалалық ТЖД Өрт сөндіру басқармасы басшысының орынбасары:
- Мұнда бір уақытта үш түрлі қызмет кезекшілік атқарады. Олар өртсөндірушілер, апаттар медицинасы орталығы және құтқару қызметінің мамандары бар. Барлығы осы аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Себебі туристік кластердің дамуына байланысты мұндай станция өте қажет.
Сондай-ақ Алматыда №15 өрт сөндіру бөлімі ашылды. Ол Бостандық ауданындағы 30 мыңнан астам тұрғын мен ғимараттың қауіпсіздігіне жауапты. Қажетті техникамен түгел жабдықталған. Жаңа бөлімде әкімшілік-тұрмыстық блок, спорт залы және жеке құрамның демалуына арналған бөлмелер бар. Жалпы қалада 20 өрт сөндіру бөлімі бар. Биыл тағы үшеуі ашылады