Петропавлда саңырауқұлақ өсіріледі

  • 51
  • 09.01.2026, 18:57

Жақында қалада толық циклді ферма іске қосылды. Арнайы экономикалық аймақта салынған кешенде жылына 2,5 мың тонна өнім өндіріледі. Жоба құны – 11 млрд теңге. Оның жұмысымен өңірге жұмыс сапарымен келген Сенат пен Мәжіліс депутаттары танысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық тауарөндірушілерге ауыл шаруашылығы саласын әртараптандырып, агроөнім өңдеу үлесін 70 пайызға дейін жеткізу керектігін айтқан. Бұл ретте кәсіпорын дайын өніммен жергілікті нарықты ғана емес, көрші Ресейге экспорттауды жоспарлап отыр.  

Еркебұлан Мәмбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Президентіміз тапсырма беріп жатыр жалғыз ғана жалғыз астықты сатпай, оны өңдеп, оны турасынан өндірушілерден пайдаланушыларға дейін турасынан апару. Осы жоба да соған арналған. Неге десеңіз, біздің Петропавлға әкелінетін саңырауқұлақтар осы Ресей, Беларусьтен  келеді. Бұл енді таза, сапалы өнім болады.