Экотуризмге сұраныс артып келеді

  • 50
  • 09.01.2026, 18:51

2029 жылға қарай Қазақстанға шет елден келетін туристер қатарын 4 миллионға, ал ішкі туризмдегі меймандар санын 11 миллионға дейін арттыру жоспарда. Сондықтан Президент туризм саласында немқұрайлылыққа жол жоқ екенін айтқан.

Қазіргі таңда экотуризмге сұраныс жоғары. Ал Алматының орталығынан жарты сағат қашықтықтағы «Шымбұлақ» сияқты табиғи көрікті жерлерді дамыту үшін жаңа, тиімді әдістер қажет. Сонымен қатар елдегі туристік инфрақұрылымды әртараптандыру және кадр тапшылығы әлі де өзекті күйінде. Мемлекет басшысы бұл мәселелерді жауаптыларға жүйелі түрде шешуді тапсырды.

Нұрбол Байжанов, ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 3 негізгі курорттық аймақ бойынша тиісті кешенді жоспарлар әзірленді. Ол Шушенский, Бурабай курорттық аймағы бойынша, Маңғыстау курорттық аймағы бойынша және Алматы тау кластері бойынша. Осы бағытта жоспармен тұжырымдаманы жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғастыратын болады.