Мемлекеттік қызметтер AlemGPT платформасы арқылы көрсетіледі

  • 6
  • 12.01.2026, 21:50

Енді азаматтарға мемлекеттік қызмет алу жеңілдейді. Жасанды интеллект министрлігі азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді бір платформаға жинауда. Бұл ретте бастан-аяқ қызметті алуға мүмкіндік беретін AlemGPT мультиагенттік платформасы әзірленді. Яғни енді қызмет eGov проталындағыдай бағдармен емес, ChatGPT  чат ботына ұқсас диалог форматында көрсетіледі. AlemGPT барлық сұраққа жауап бере отырып, онлайн қызметті толық алғанға дейінгі барлық кезеңді қамтымақ.

Мирас Әбжанов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Alem.gpt жоба жетекшісі:

-Кез келген адам телефоны болса болды. Платформаға кіріп, өзінің сұрағын жазады немесе жай ғана сұрақ емес, сипаттау ғана болады. Кейін біздің ИИ модель оған қосылып, керекті жауабын табуға көмектеседі
. Қазіргі жағдайда пилоттық кезеңде платформа толық циклды сүйемелдеуге бағытталған.