Қаңтардан бастап елімізде жеке табыс салығы бойынша жаңа ереже күшіне енді. Енді мөлшері 8 500 айлық есептік көрсеткішке дейін табыс табатын жеке тұлғалар 10%, ал кірісі одан жоғары кәсіпкерлер 15% салық төлейді. Адвокат, медиатор, шаруа қожалықтарының табысына орай да мөлшерлеме белгіленген. Ал мұндай өзгерістер қарапайым азаматтардың жалақысына оң әсер етпек. Мәселен, 150 мың теңгеге дейін айлық алатын адамдар жеке табыс салығынан босатылып отыр. Сондықтан қолына тиетін ақша бұрыңғыдан көбірек болады. Ал жалақысы одан көп жұмысшылардан да бұрыңғыдай салық көп ұсталмайды. Себебі стандартты шегерім 2 еседен аса көбейеді. Сарапшылардың айтуынша, бұл саяси және әлеуметтік реформалардың аясында қабылданған шешім.
Ләззат Жанмолдаева, экономист: -Мемлекеттің бұл жасап отырған жеңілдігі мынау соңғы инфляция, экономикалық қысым дейміз. Азаматтардың табысын көбейту мақсатында. Яғни бұл жерде жұмысберуші өзінің жалақы қорын өсірмейді. Керісінше, мемлекет тарапынан беріліп отырған осы жеңілдік біздің біраз азаматтарымызға өзінің көмегін тигізеді. Өйткені қалтасында қалатын біраз қаржы. Қосымша бір қажеттілігіне жұмсайды деген сөз.