Жоғары палата депутаттары өңірлерге барып, халықпен кездесулер өткізді. Онда сенаторлар Мемлекет басшының «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтылған бастамаларды талқылап, Парламент қабылдаған заңдардың маңызына тоқталды. Сондай-ақ облыстар мен ауылдардағы өзекті проблемалар көтеріліп, оларға баса мән берілді. Мәулен Әшімбаев бүгінгі бюро отырысында халық қалаулыларына бірқатар ұсыныс айтты.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:-Ендігі біздің мақсатымыз – сол кездесулерде айтылған мәселелерді пысықтап, жүйелеп, ары қарай депутаттық сауалдар арқылы Үкіметке тиісті хаттарды жолдау арқылы, Үкімет сағаттары арқылы, Парламенттік тыңдаулар арқылы депутаттардың көтерген мәселелеріне дұрыс шешімдер қабылдануына өзіміздің септігімізді тигізу.