Аталған қызмет биыл іске қосылды. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді. Қазір Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүйені енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге бұл құжатты бірінші рет алатын азаматтар онлайн рәсімдей алмайды. Ал жеке куәлікті қайта рәсімдеу қызметі былтырдан бері қашықтан орындалып жүр. Сонымен қатар қазақстандықтар жүргізуші куәлігін де онлайн рәсімдей алады. Болашақта бұл қызметті толық онлайн форматқа ауыстыру жоспарланған. Алайда азаматтар аталған құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталығына барып та алуға құқылы.
Ростислав Коняшкин, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі:-Бұл жүйені сатылап енгізуіміздің өз себебі бар. Біз азаматтарға ыңғайлы екеніне және процестің тиімділігіне көз жеткізуіміз керек. Сондықтан алдымен пилоттық жобаны іске қостық. Биыл оны кеңейтеміз. Жыл соңына дейін басқа қызметтерді де онлайн форматқа көшіреміз деп жоспарлап отырмыз.