Биыл әскери қызметкерлердің жалақысы тағы да өседі

  • 7
  • 12.01.2026, 21:56

Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады. Атап айтқанда, 2025 жылы қатардағы жауынгерлер мен сержанттық құрамның жалақысы 33 пайызға дейін көтерілсе, биыл тағы 10 пайызға өседі. Ал офицерлік құрам қызметкерлерінің жалақысына былтыр 20 пайыз ұлғайса, биыл 23 пайыз қосылады. Сондай-ақ далалық төлемдер қайта енгізілді. Яғни былтырғы жылдың 25 шілдесінен бастап оқу-жаттығулар, теңізге шығу, далалық жорықтар сипатындағы дағдылар мен машықтамаларға қатысатын сарбаздарға 1.2 АЕК мөлшерінде қосымша төлем жасалады. Сонымен қатар сарбаздар әскери машықтардан бөлек, жаңа мамандық түрлерін игере алады.

Арман Қалышев, ҚР ҚМ тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің басқарма бастығы: 

-Әскери қызметті өткеру барысында мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілер еңбек нарығында сұранысқа ие жүк көліктерінің жүргізушісі, эксковатор, машинист, тракторист, жол төсегіштер, дизелист электрик, байланыс мамандары парамедицина мамандығы бойынша, басқа да көптеген бағыттар бойынша жұмыс мамандықтарын меңгеруге мүмкіндік алады. Оқыту арнайы сертификаттар беру арқылы жүргізіледі.