Қазақстанда 2025 жылы 33 кәсіпорын іске қосылды

  • 22
  • 12.01.2026, 21:54

Жаңа нысандар еліміздің әртүрлі аймақтарында орналасқан. Оларда машина жасау мен металлургиядан бастап химия және жеңіл өнеркәсіп өнімдері шығарылады. Бұл өңірлерді дамыту және экономиканы әртараптандыру бағытындағы істің нәтижесі. Жобаларды жүзеге асыру барысында 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Сондай-ақ 841 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. 

Мұхамед Андақов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары:

- 2025 жылы жаңа он тауардың өндірісі іске асырылды. Олар ауыр машина жасау, қағаз өңдеу саласында. Іске қосылқған жобалардың көпшілігі Шымкент, Алматы қаласында, Қостанай, Түркістан, Қарағанды, Алматы және Павлодар облыстарында іске асырылды.