Алматыда «резеңке» пәтер анықталды. Олай айтпасқа шара жоқ. Қала тұрғыны бір бөлмелі баспанасына 109 адамды заңсыз тіркеген. Сол үшін ақы алып, пәтерін табыс көзіне айналдырған.
Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Әйел адамның әрекеті заңға қайшы келгендіктен, Қылмыстық кодекстің 394-бабы, яғни заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша іс қозғалып, бір жылға бас бостандығынан айырылды. Прокурордың айтуынша, еліміздің көші-қон заңнамасының талаптарын бұзғандар қатаң жазаланады.