Таразда заңсыз иеленген пәтерлер мемлекетке қайтарылды

  • 9
  • 13.01.2026, 21:37

Таразда құны 100 млн теңгеден асатын 10 пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды. Прокуратураның мәліметінше, бұл баспаналардың иелері шамамен 7-10 жыл бұрын қайтыс болған. Оны білген әлдебіреулер қолхат пен құжатты қолдан жасап, пәтерді өз атына аудару үшін сотқа талап арыз беріп отырған. 

Жалпы қала прокурорлары осындай заңсыз иеленген 10 баспананы мемлекет меншігіне қайтарды. Бүгінде бұл нысандар тұрғын үйге мұқтаж әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға берілді.

Саламат Әбітбекова, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:

- Сондай-ақ сотпен меншік құқығын танудан бас тартылған істер бойынша тұрғый үйлерде тұрып жатқан азаматтар шығарылмайды, егер олардың тұрғын үйге мұқтаж әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар екені анықталған жағдайда, аталған тұрғындармен тұрғын үйді кейіннен жалдау шарты жасалады.