Жастар – ел тірегі

  • 8
  • 13.01.2026, 21:48

«Жастарымыздың күш-қуаты мол, үміті мен сенімі зор әрі азаматтық сана-сезімі өте жоғары. Олар бар ықыласымен болашаққа ұмтылатын отаншыл азаматтар».

«Түркістан» газетіне берген сұхбатында Президент осылай деді. Оның айтуынша, өршіл ұстанымның арқасында еліміз талай рет алдынан шығатын сын-қатерлерді еңсеріп, қиындықтарды жеңері сөзсіз. Жастардың қуанышы орынсыз, тіпті оғаш көрінуі мүмкін. Бірақ олардың ой-пікірімен санасқан жөн екенін де тілге тиек етті.  Дегенмен өскелең ұрпақ бүгінгі ахуалға арман-қиялмен емес, нақты көзқараспен қарауы қажет, виртуалды емес, шынайы әлемде өмір сүруі керек екенін еске салды.

Нұрасыл Қайырлыұлы, «Астана студенттер альянсы» КҚ атқарушы директоры:

- Қазіргі таңда жастар жеңіл жетістік немесе виртуалды иллюзияға алданып қалып жатыр, шыны керек. Біз қоғамның қозғаушы күші болғандықтан өз алдымызға темірдей тәртіп пен сапалы білімді қоюымыз қажет. Өйткені шынайы еңбек қана адамды толыққанды тұлға ретінде қалыптастырады. Жалпы мен бір статистиканы оқыған едім, ол жерде АҚШ тұрғындары өз өмірінің көп бөлігін кітап оқумен өткізеді екен. Қарапайым кітап оқу арқылы ғана әлеуметтік желілерден арылуға болады деп санаймын.