2027 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы жойылады.
Бұл туралы Үкіметтегі саланы дамыту мәселелері бойынша өткен жиында энергетика министрі хабарлады. Ерлан Ақкенженовтің сөзінше, қазір жалпы қуаты 15,3 ГВт болатын 81 жоба жүзеге асырылуда. Оған 13 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған. Осылайша 2029 жылға қарай электр энергиясының да, реттеу қуатының да тұрақты профицитіне қол жеткізілмек. 2035 жылға дейін қосымша 26 ГВт-тан астам қуат өндіру көздері іске қосылады.
Жиын соңында Үкімет басшысы Олжас Бектенов барлық жоспарланған жобаларды белгіленген мерзімде жүзеге асыруды тапсырды.