БҚО-да медицина мамандары жетпейді

  • 7
  • 14.01.2026, 21:44

Батыс Қазақстан облысының медицина ұйымдарында 185 маман жетіспейді. Бірақ мәселе біртіндеп шешіліп жатыр. Медицина мамандарын ынталандыру шараларының арқасында облыста кадр тапшылығы екі есе азайған. 2024 жылы ауылдық жерге барған дәрігерлерге 8,5 млн, қалаға қалған мамандарға 5 млн теңге төлеу туралы облыстық мәслихат шешімі шыққан болатын. Соның нәтижесінде былтыр облысқа 127, биыл 193 маман келген. Оған қосымша жыл сайын облыс бюджетінен дәрігер мамандықтарына 45 грант, оларды резидентурада оқытуға 25 грант бөлініп келеді.

Мадияр Өтешев, БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Акушер-гинеколог мамандары, неонатолог, педиатр, анестезиологтар келгенінің арқасында қазір көп аудандарда босану бөлімшелері ашылып жатыр. Керекті мамандар бұрынғыдай акушер-гинеколог, педиатр, анестезиолог, ревматолог облыс бойынша, қалада «узкий профиль» мамандар  нейрохирург, травматолог, сондай мамандар жетіспейді. Бірақ дегенмен де жылдан-жылға келіп жатқан мамандар ол тапшылықтың бәрін жауып жатыр.