Ішкі туризм ілгерілесін десек...

  • 6
  • 14.01.2026, 21:52

Жауапты тұлғалардың біліксіздігі мен немқұрайлығының кесірінен экотуризм әлі күнге дейін кенже қалып отыр. Әзірге таныстыру, яғни презентация жұмыстарынан әрі аса алмай жатырмыз. «Түркістан» газетіне берген сұхбатында Президент осылай деді.

Табиғаты тамылжып тұрған, туристер ең көп келетін жерлердің бірі – «Шымбұлақ». Әлемде оған тең келетін демалыс орны кемде-кем. Алайда Мемлекет басшысы көптен бері ештеңе жасалмаған курорттың сыны да, сыры да кетіп, тозып бара жатқанын тілге тиек етіп, оны дамыту үшін тың тәсілдер қажет екенін айтты.

Ералы Тілеуов, туристік компания өкілі:

- Шымбұлақты тілге қоса кетті Президент мырза. Біз осы жылы Шымбұлақтың толық реновациядан өтетінін күтеміз. Бүгінгі таңда азып-тозғаны бар. Жаз мезгілінде толық реновациядан өтіп, келесі қыс мезгіліне 26-27-ші сезондарға арналған туристерге дайын болады деп есептеймін.