Кәсіпкерлер 1 наурызға дейін арнаулы салық режимін таңдауы тиіс

  • 6
  • 15.01.2026, 21:39

Салық төлеушілер 1 наурызға дейін арнаулы салық режимін таңдауы қажет. Белгіленген мерзімде хабарлама жолдамаған кәсіпкерлер автоматты түрде жалпыға бірдей салық салу тәртібіне ауыстырылады. Ал арнаулы салық режимі  салықты аз төлеуге мүмкіндік береді. Хабарламаны электрондық үкімет порталы немесе банк қосымшалары арқылы жіберуге болады. Осы уақытқа дейін салық органдарына 450 мыңға жуық хабарлама түскен. Айта кетейік, Жаңа Салық кодексіне сәйкес, елімізде арнаулы салық режимінің үш түрі көзделген. Олар: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізіндегі және шаруа қожалықтарына арналған режимдер.

Ерқанат Шыңберген, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті арнаулы салық режимі әкімшілендіру басқармасының басшысы:

-Өзін-өзі қамтығандар үшін арнаулы салық режимі бойынша жұмыс істейтін азаматтар хабарлама берудің қажеті жоқ. Тек қана мобильдік қосымшаны қолданып, чек беруі тиіс. Біз бұрын жеке кәсіпкерлік болатын болса, өздеріміз автоматты түрде тіркеуден шешеміз. Алайда режимді қолдану күні чекті берудің бірінші күні болып саналады. Және де шаруа және фермерлік қожалықтар үшін жалпы ешқайда келудің қажеті жоқ. Бұл азаматтарды автоматты түрде тиісті режимге өткіземіз.