Салық ережесі өзгерді

  • 6
  • 20.01.2026, 21:35

Жаңа Салық кодексі бойынша салық есептілігі нысандарының саны 41-ден 28-ге дейін қысқарды. Бұл бизнеске уақыт пен ресурстарды үнемдеуге және салықтық басқаруды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ кодексте нөлдік есептілік автоматты түрде қалыптасады. Бұл есептілікті ұсынбағандарға хабарлама жіберу, банктік шоттардан шығыс операцияларын тоқтату және әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмайды. Осылайша бизнесті жазалау шаралары азаймақ.

Бұдан бөлек, салық органдарының сервистік топтарын құру ережелері бекітілді. Ол мемлекеттік қызметтер мен ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсетеді.