Ұлттық Ұланның Алматы облысындағы 5571 әскери бөліміне қабылданған 600 жас сарбаз ант берді. Аталған шараға әскери қолбасшылар мен бөлімше ардагерлері, қоғамдық ұйым өкілдері мен сарбаздардың ата-аналары қатысты. Алдынала арнайы курстан өтіп, Отан алдындағы борышын өтеуге кіріскен қатардағы жауынгерлердің барлығы енді қоғамдық тәртіпті қадағалауға жұмылдырылады. Олар негізінен Алматы көшелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Арнұр Нұрғали, қатардағы жауынгер:
-Тараз қаласының тумасымын. Осы Ұлттық Ұланның 5571 әскери бөліміне келгеніме 1,5 айдай уақыт болды. Осы уақытқа дейін көптеген нәрселер үйрендік. Қарумен атуды үйрендік. Қалай жүруді, қалай шагать етуді үйрендік. Әр ер адамның өмірінде осындай бір рет болсын ант қабылдап, служить етіп кету керек деген ойдамын. Әр еркектің парызы деп ойлаймын осылай әскерге келу.