Әскердегі тәртіп күшейеді: сарбаз қауіпсіздігі басты назарда

  • 9
  • 19.01.2026, 21:44

Әскери борышын өтеуге шақырылған сарбаздардың жарақат алуы мен қаза болуына қатысты оқиғаларды өркениетті елге жат, теріс үрдіс деп санаймын. «Бейбіт заманда мұндай жайттар болмауға тиіс», - Президент «Түркістан» газетіне берген сұхбатында осылай дей отырып, ахуалды түзеу үшін шұғыл шаралар қабылдау жөнінде бұйрық бергенін жеткізген еді. Сарбаздар ант бергенде айтатын «Әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеремін» деген сөзден әскери өмірдің қатаңдығын айқын аңғаруға болады. Осы ретте Мемлекет басшысы армияда темірдей тәртіп болуы тиіс екенін де еске салды.   

Серғали Әлімқұлов, ҚР Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмысы департаментінің басқарма басшысы:

- «Жауынгерлік дос» бағдарламасымен командирлердің зерделенуі арқылы әскери бөлім командирінің бұйрығыменен бір-біріне жауапты болып табылады. Біз сарбаздардың құқық бұзушылыққа бармауына бар мүмкіндікті жасап жатырмыз. Ата-анадар чаттарын ашып, командирлерге ата-аналар сол чат арқылы сарбаздар арасында болып жатқан проблемаларын айтып отырады.